Алматыда қоғамдық көліктерге басымдық беріледі

519
Опубликовано 20 июля 2018, 17:49
Алматыдағы көлік қозғалысы әлемдік тәжірибеге негізделіп қайта жаңартылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, бір бағыттағы көшелер қатары артып, қоғамдық көліктерге басымдық беріледі.

Өткен жылы екі көшенің жолы бір бағытта ғана жүретін болып қайта жарақталды. Қазіргі кезде бұл жобаның екінші кезеңі іске асырылып жатыр.

Жандосов көшесі мен одан әрі жалғасып кететін Тимирязев көшесінде жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Енді мұндағы жол жүру ережесі түбегейлі өзгереді. Яғни, көшенің негізгі жолағымен тек қана қоғамдық көліктер жүреді. Қосымша жолақ жеңіл көліктерге арналған. Нәтижесінде, бұл көшелерде жеңіл көліктердің саны азайып, қоғамдық көліктер көбейеді, дейді қала басшылығы. Жылдам жолақты қоғамдық көліктер жобасы бойынша өткен жылы Сүлейменов пен Мустафин көшелері пайдалануға берілген болатын.
новости