Б.Сағынтаев БҚО-дағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысты

187
Published on 26 Jul 2018, 15:51
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Үкімет басшысы аудандарды аралап, жергілікті жолдардың жайы, мұнай-газ саласының дамуы және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының қарқынымен танысты. Облыс активі және кәсіпкерлермен өткен кездесуде Елбасы тапсырмаларының орындалу жайы талқыланды.

Еліміздегі газдың 45%, ал мұнайдың 16% Қарашығанақта өндіріледі. Бүгінде экспортталатын конденсаттың жылдық көлемі 7 миллион тоннадан 10 миллионға жетті. Кен орнындағы «Конденсат» зауытында К5 класты бензин мен солярка алынады. Үкімет басшысымен кездесуде айтылғандай, бұрын шикізат тапшылығына байланысты зауыт өндірістік қуатына шыға алмай келсе, енді түйінді мәселе шешімін тапты. Шілдеде кәсіпорынға қосымша 15 мың тонна мұнай бөлінді. Инвесторлармен кездесуде қазақстандық мазмұнды арттыру туралы талап қойылды. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
news