Су-жасыл гүлзәр суға кетті

46
Опубликовано 13 августа 2018, 16:00
Шаһардағы сулы-жасыл бульвар су астында қалды. Жексенбі күні таңғы сағат 4-те диаметрі 600 мм су таратқыш құбыр жарылған. Жиналған су тобықтан асады. Бульвардағы жасыл желектер, орындықтар мен жол су астында қалды. Мамандардың сөзінше, диаметрі 600 мм болатын су таратқыш құбыр жарылған. Оқиға орнына екі сағаттан кейін "Ақбұлақ" АҚ кезекші тобы жетті. Бірнеше арнайы көлік су сорды. Қаладағы ауыз суға жауапты мекеменің мамандары күні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Суды тоқтату жұмысы кешке аяқталды. Апаттың салдарынан "Керуен сити" ойын-сауық орталығы мен Әулие-Николь кафедральді соборы судан ажыратылған. "Ақбұлақ" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Динара Жаналинаның сөзінше, 11 шағын аудандағы тұрғын үйлердің барлығына ауыз су үздіксіз берілген. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Дегенмен, сулы-жасыл бульвардағы жасыл желек түгел суарылып қалды. Ыстық күні мейірімі қана су ішті. Көлге айналған демалыс орынын әлеуметтік желі арқылы Венецияға теңеген тұрғындар да болды.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
новости