Оралда қыркүйек соңына дейін 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі

75
Опубликовано 22 августа 2018, 1:47
Оралдағы «Сарытау» шағынауданында салынып жатқан 900 орындық мектеп қыркүйек айының соңына қарай пайдалануға беріледі.

Мектеп құрылысына бұған дейін Ұлттық қордан 1 миллиард 888 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген болатын. Бастапқы мердігермен келісімшарттың бұзылуына байланысты қазір құрылысты өзге кәсіпорын жалғастырып жатыр.

Айта кеткен жөн, Сарытау шағын ауданының халқы жыл санап өсіп келеді. Әрі келешекте бұл жерде бірнеше көпқабатты үйлер салу жоспарда бар. Ал жаңа нысан пайдалануға берілген кезде 7 мыңға жуық оқушы білім алып жатқан 4 бірдей мектепте үш ауысымдық жүйе мәселесі толығымен шешіледі. Сонымен қатар су жаңа білім ордасында бүлдіршіндер үшін 100 орындық шағын орталық жұмыс істейтін болады және 74 жаңа жұмыс орны ашылады.
новости