Өзбекстан мен Қазақстан әйелдерінің бизнес форумында бірнеше меморандумға қол қойылды

197
Опубликовано 15 сентября 2018, 1:28
Ташкентте өткен Өзбекстан және Қазақстан әйелдерінің бизнес форумында өзара ынтымақтастық жөнінде 15 меморандумға қол қойылды.

Іскер қыз-келіншектер осылайша екі ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған жеңіл өнеркәсіп пен туризмді бірлесіп дамытпақ. Басқосуда тараптар болашақ жоспарларын бағамдап, өзара тәжірибе алмасты. Алғаш рет өткізілген форум аясында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Қазақстанның іскер әйелдері Самарқан қаласында болып, тарихи орындарды аралады. Қонақжай Өзбекстан халқының мәдениетімен мен өткенін көріп, туризм саласында атқарып жатқан жұмысымен етене танысты. Ықылым заманнан ауылы аралас, қойы қоралас жатқан көршілер жасыл экономиканың орталығы атанған Астана қаласы мен түркі жұртының рухани ордасы көне Түркістанды көруге құмбыл. «Ал Қазақстанның тұмса табиғаты ерекше», – дейді оңтүстіктегі ағайын. Мұндай басқосулар жаңа жобалардың жүзеге асуына негіз болды, деп отыр бизнестегі белді әйелдер. Қос елдің іскер-қыз келіншектері қазан айында Қазақстанда бас қосатын болды.
новости