40 мың га суармалы алқап ылғалдандырылады

42
Опубликовано 17 октября 2018, 16:00
Өңірде 40 мың гектар жер суармалы егіс алқаптары есебінде қалыпқа келтірілмек. Алдағы екі жылда бұл алқаптар тегістей ылғалдандырылады. Жерді қалыпқа келтіруге республикалық бюджеттен 7 млрд 200 млн теңге бөлінді. Жаппай өңдеуге өңірдегі 5 ауданның жерлері таңдап алынған. Олар- Хромтау, Алға, Қурайлы, Қарғалы, Мәртөктегі егістік алқаптары. Облыста бүгінге дейін 21 мың гектар жер қайта игерілген. Келер жылы қосымша 40 мың гектар жер суарылады. "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ақтөбе филиалының басшысы Бекзат Нәметовтің дерегінше, суармалы жерлерде бұрынғыдай жаппай себелеу әдістері қолданылмайды. Қоршаған ортаға зиян тигізбеу мақсатында арнайы техниканың көмегімен мамандар жаңбырлы суару әдісін қолданады. Жаңа сорғы бекеттері жыл сайын тиімді әдістерді пайдаланады.Облыста болашақта суармалы жерлерді көбейту мақсатында 10 су қоймасы салынады. Су сақтау қоймаларының көмегімен өңірдегі суармалы жерлердің көлемін 80 мың гектарға көбейтуге болады. Бұл жоба тек жоспарда ғана қарастырылған. Құрылысы келесі жылғы нысандардың тізіміне әлі енгізілмеген. Құзырлы мекеме, қаражат бөлінсе құрылысты қысқа мерзімде салып бітіруге болады деп отыр.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
7 часов – 6925:01
Жер дауы
новости