Бүгін құтқарушылар күні

247
Опубликовано 19 октября 2018, 16:00
Бүгін құтқарушылар күні. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін шығармашылық академиясында атап өтті. 4-ші қазанда Әбілқайыр хан даңғылындағы №73-ші көп қатарлы үйден шыққан өртті сөндіруге қатысқандардың бірі Бауыржан Қуанғалиев. Тілсіз жау қаладағы осы жылғы күрделі оқиғалардың бірі. 30 пәтер бүлінді. Пәтерлердің жалынға оранғанын көре сала көмекке жүгірген қарапайым қала тұрғындары мен кәсіби құтқарушылардың арқасында адамдар дін аман. Бүгін қызыл жалынды ауыздықтауға қатысқан азаматтардың есімдері аталып, алғыс айтылды. Бауыржан қала әкімінің "Алғыс хатын" алды. Кәсіби мерекелеріне орай бүгін 27 адам марапатқа ие болды. Кейбірінің кеудесіне "Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медалі, "Құтқару операцияларына белсене қатысқаны үшін", "Құтқарушы" төсбелгілері тағылды. Ғимарат алдындағы шағын алаңда техникалар көрмесі өтті. Оны студенттер, қарапайым қала тұрғындары қызықтады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов қала әкімі Ілияс Испановқа жаңа құрал-жабдықтарды көрсетті.
Қала әкімі өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мекемесі мен қалалық ТЖ басқармасына "УАЗ" маркалы өрт сөндіру көліктерін сыйлады.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
новости