Шымкенттік тұрғындардың назы

4 092
Опубликовано 12 ноября 2018, 15:23
Шымкентте тұрғындар әр көшеден бір қазылып, нақты өтетін жері белгісіз құбылмалы құбырдың пайда болғанына наразы. Айтуларынша магистральды үлкен су жүйесі әу баста басты көшеден өткізілуі керектігіне қарамастан, жолай негізгі жобадан айнып, әр көшеден бір қазылып отыр дейді. Себебі бір көшенің тұрғындары наразы болса, құрылыс келесі көшеге өтіп кететін көрінеді. Бекітілген жоспардан тез ауытқитын қандай құбыр дегендер билікке наразылық білдірді.
новости