Ресейлік «Капустин Яр» әскери базасы қазақстандықтарды улап отыр

1 342
Опубликовано 27 июня 2013, 23:01
youtube.com/user/1612TV Ресейлік «Капустин Яр» әскери базасы қазақстандықтарды улап отыр. Батыс Қазақстан облысына іссапарлап қайтқан экономист Мұхтар Тайжан, осындай қорытындыға келген. Ресейлік әскери базаның қажеттілігіне берілген БҚО үш ауданын аралаған саясаткер, аталған аумақта радиация жоғары, адамдардың генетикалық және психикалық ауруларға шалдығып жатқанының куәсі болдым дейді. Мүгедек туылған сәбилер, ауыз суы бұзылған ел мен табиғи фаунасы уланған жер -- тек полигондарды жабу керегін ғана көрсетеді.

Қоғам белсендісінің ақпаратынша, Қазақстанда ресейлік 7 полигон бар. Жаңа үлгідегі қару-жарақтар сыналатын бұл жерлердің жалпы аумағы 10 млн гектар. Ал, осыншама жерді улағандағы алар ақшамыз 26 млн доллар ғана деп шамданады Мұхтар Тайжан. Ал, әскери базалардағы зымырандар -- егемендікке ең қауіпті жайт. Ресейлік сарапшылар мен күштік қүрылым өкілдері -- Қазақстанды Ресей әскері қорғайды. Ұжымдық келісімшарт бар дегенді желеу етеді. Ал, Қазақстандық саясаттанушылар болса, бұл уәжге сенбейді. Керісінше, мұндай нысандар Крмель үшін гео-саяи мәселелерде Ақордаға сөзін өткізу үшін керек деп санайды.

Семей полигонынан өзге Атырау облысы Азғыр полигоны, БҚО аумағында да сынақтар жүргізілген. Бүгінде солардың кейбірінде әлі де қару түрлері сыналып келеді. Есте болса, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров мәжіліс депутаты болып тұрғанда, осы капустин яр полигонында Ресей атом ядросын сақтап отыр деген мемлекеттік құпияны ашып жіберген болатын. Ал бүгінгі бастамашы топ, осы мәселеде қоғамдық пікір тудырып, шенеуніктерді полигонды жабуға үндемек. Әсер болмаған жағдайда халықаралық қауымдастық көмегіне жүгінбек.
21 час – 489:01
Мега проект
новости