Еліміздегі тарихи ескерткіштер заңмен қорғалатын болады

147
Published on 18 Jan 2019, 17:53
Еліміздегі аудан, елді мекендерде тарихи-мәдени археологиялық ескерткіштер көп. Оның тізімін құрып, қорғауға алмасақ ертең жойылып кетуі мүмкін екен. Бұл ой Түркістанда өткен «Тарихи-мәдени мұраны қорғауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге» арналған көшпелі отырыста айтылды.

Сондай-ақ алқалы жиында еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы да қаралды. Жиынға Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы, археология ұйымдарының өкілдері мен сарапшылар және жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Елімізде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 11 мыңға жуығына заң бойынша қорғауды қамтамасыз ететін тарихи-мәдени ескерткіштер мәртебесі берілген. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids