Мектептерде жыныстық қатынас туралы арнайы сабақ өткізіле ме?

5 656 722
38.2%
Published on 10 Dec 2013, 16:47
Алдағы уақытта мектеп оқушылары тек қана хайуанаттар саябағына ғана емес, тастанды балалар үйіне экскурсияға да баруы мүмкін. Себебі, Дариға Назарбаева кәмелеттік жасқа толмағанбойжеткендер мен бозбалаларға мүмкіндігі шектеулі ауру балаларды аралатып көрсеткісі келеді. Депутат осындай амал жастар арасындағы жыныстық қатынасқа тоқтау салады деген сенімде. Парламент қабырғасында көп айтыла бермейтін мәселені тілшіміз тарқатады.
Дерек бойынша, елімізде былтыр ғана 18 жасқа толмаған 6600 бойжеткен қыздың аяғы ауыр болып қалыпты. Оның екі мыңдайы жасанды түсік жасатқан. Қоғам белсенділері мұндай қауіпті үрдістің алдын алу үшін мектептерде жыныстық қатынас туралы арнайы сабақ өткізген дұрыс дейді.
МЕРУЕРТ ҚАЛИБАЕВА, "Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегіқауым" ҚБ Жобалар үйлестірушісі:
- У 30 процентов молодежи половой дебют наступает в 14 лет. Закрывать на это глаза бессмысленно.
Сіздерге айтар өтінішім бар.Мектеп бағдарламасына жыныстық қарым- қатынасқа тәрбиелейтін пән енгізуді сұраймыз. Егер жасөспірімдер бұдан толық хабардар болса, көп қателіктің алдын алар едік.
Алайда, депутаттар бұл бастамаға қарсы. Себебі, Алдан Смайлдың айтуынша, осындай ұятты күнге жеткеніміз мектептерде бес жылдай өткізілген«Валелогия» пәнінің нәтижесі екен.
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids