Қарағанды іргесіндегі апатты үйдің тұрғындары жандарын шүберекке түйіп отыр

5 581
Published on 10 Jul 2019, 16:36
Қарағанды облысында 25 көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда. Жүздеген адам бір күні қауіпті нысандар опырылып түсе ме деп үрей құшағында отыр. Қабырғасы құлағалы тұрған пәтерлердің мәселесін жергілікті әкімдіктегілер де жақсы біледі екен. Тіпті нысандардың апатты екенін де растаған. Бірақ шенеуніктер бұқараны қауіпсіз баспанаға көшіруге асығар емес.
news