Электросамокат жүргізушілері қатаң бақылауға алынды

1 460
Published on 16 Jul 2019, 16:17
Көздеген жеріне зуылдадып жетіп баратын электросамокат иегерлеріне енді жол ережесін бұзбай, жан-жағына қарап, мұқият жүрулеріне тура келеді. Өйткені бүгіннен бастап жолда жүру тәртібі қатаң бақылауға алынды. Ішкі істер министрлігі ірі қалаларда сәнге айналған, мопедке теңестірілетін самокат, скутер сияқты түрлі көлік құралдарымен қай жерлерде, қандай жылдамдықпен жүруге тыйым салынатынын айтып берді.
news