Деніңіздің сау екенін дәлелдейтін қағаздардың саудасы қызып тұр

1 088
Published on 18 Jul 2019, 15:47
Деніңіздің сау екенін дәлелдейтін қағазды да, жұмысқа келмеу үшін ауырып қалғаныңыз туралы анықтаманы да дәрігердің алдына бармай-ақ сатып алуға болады. Халық арасында жиі айтылып жүретін бұл жайтқа жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері енді көңіл бөле бастаған сыңайлы. Бүгін агенттік басшылары денсаулық сақтау саласындағы олқылықтар туралы жиын өткізіп, видео айғақтарын да ұсынды.
news