Алексей Навальный Мәскеудегі абақтыдан бостандыққа шықты

1 032
Published on 23 Aug 2019, 15:34
Ресейлік оппозициялық саясаткер әрі Жемқорлықпен күрес қорының жетекшісі Алексей Навальный бүгін таңертең Мәскеудегі абақтыдан бостандыққа шықты. Осы аптада Мәскеу соты Навальныйдың қамауда отырған кезде астан уланып қалғаннан кейін ауруханада өткізген уақытын қосып, оның жаза мерзімін ұзартуды сұраған мекеме әкімшілігінің өтінішін қанағаттандырмай тастаған. Кремль саясатын аяусыз сынайтын саясаткер Алексей Навальный өткен айда Мәскеудегі "рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны" үшін сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.
news