Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

31
Published on 20 Sep 2019, 13:40
"Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жобасы аясында бүгін шаһарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. 50-ден астам жұмыс беруші қалалықтарға 500-ге жуық жұмыс ұсынды. Білім, медицина, мұнай, құрылыс салаларына мамандар қажет. Жұмыс таңдаушылардың арасында жастар да, зейнет жасына жақындаған ақтөбеліктер де бар. Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен 11 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп, 760-тан астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Дегенмен, орталықта әлі 1600-ден көп жұмыс орыны тіркеліп тұр. 1780 түйіндеме жатыр. Жұмыс болса да жұмыссыз жүргендер азаймай тұр дейді мамандар. Өңірімізбен қатар өзге аймақтардан да жұмыс берушілер жәрмеңкеге қатысты. Атыраудан келген "Металл продукт" ЖШС-нің өкілі жаңа зауыттың ашылуына орай жұмысшы күшін іздеп жүргенін айтты. Металлург, электрмонтаждаушы, инженер-электрик мамандары аса қажет. Жұмысшылардың жас шамасына шектеу жоқ, себебі тәжірибе маңызды. Ал, атыраулық "Тенгизнефтьстрой" ЖШС-іне есепшілер мен экономистер қажет. Жалақысы тәжірибесі мен біліміне қарай төленеді. Қалалық жұмыспен қамту орталығында электронды еңбек биржасы жұмыс жасап тұр. Порталға жұмыс орыны туралы ақпарат орналастыру үшін мекеменің электронды сандық қолтаңбасы болуы шарт. Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
news