Солтүстік Қазақстанда миллиондап баспанаға ақша құйған үлескерлер жер сипап қалып отыр

926
Published on 20 Sep 2019, 15:55
Үкіметке жалтақтамай өз күнін өзі көріп, өз үйін өзі алғысы келген азаматтар құрылыс компанияларына неге алданып жүр? Көмек сұрап алақан жаймаңдар дейтін билік осындайда неге әділ болмайды! Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы тоқтап қалған үйдің үлескерлері бір жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс элиталы баспананың қабырғасы ғана тұрғызылып, кейін құрылыс тоқтап қалғанын айтып шу шығарды. Енді миллиондап ақша құйған үлескерлер қаражаттарының қайда кеткенін де білмейді. Құйған ақшасынан қағылып, жер сипап қалған олар мәселеге құзырлы органдардың араласуын талап етіп отыр.
news