Халықаралық додада Ержан Максим көпшілікті тың туындымен таңғалдырмақ

120
Published on 13 Nov 2019, 16:24
Арманыңнан қалма. Ержан Максимнің Польшадағы «Junior Eurovision-2019» байқауында орындайтын әні осылай аталады. Бәлкім естіген шығарсыз. Ал оны кім, қалай жазғанын бірі білсе, бірі білмес. Шырқалатын ән кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Бұл өлең жолдарында қайталанбас тарихтың ізі жатыр. Жас таланттың үлкен өнерге қадам басқан кезі тұтастай бір картинада суреттеледі. Сонымен өнерпаздың өрелі өнеріне тәнті болып, Польшада шырқалатын әннің сөзі мен әнін жазған кімдер болды?
news