«Нұр Отанның абыройына кір келтірді» деп айыппұл арқалаған азамат мешітке келіп садақа сұрады

53 360
Published on 22 Nov 2019, 15:56
«Нұр Отан партиясының атақ-абыройына кір келтірді» деп айыпталып, билік партиясының 4 мүшесіне бас-аяғы 6 миллион теңге төлеуге міндетті Санавар Закирова есімді белсенді азамат бүгін жұма намазы кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітінің алдында қайыр сұрады. Өйткені, бұл өтемақыны төлемесе, Закирова жалғыз баспанасынан айрылуы мүмкін екен. Бірақ, алматылық белсендіні қайыр сұрап отырған жерінен арнайы жасақ ұстап алып кетті.
news