Ақтөбенің 500 мыңыншы тұрғыны өмірге келді

71
Published on 6 Dec 2019, 16:00
Ақтөбе тұрғындарының саны жарты миллионға жетті. Бүгін өмірге келген Әлинұр Жалғасбай 500 мыңыншы тұрғын атанды. Ер баланың салмағы 3 келі 60 грамм, бойы 53 см. Эльвира Досқалидің бұдан бөлек 3 ұлы бар. Бүгін қала әкімі жас босанған ананы арнайы құттықтады. Ақтөбенің жарты миллионыншы тұрғыны осы батыр. Ол бүгін түнгі сағат 12-де дүние есігін ашты. Қазір сәбидің жағдайы жақсы. Анасының құшағында алаңсыз маужырап жатыр. Әлинұрдың анасы Элвираның жасы 39-да. Жұбайы жүргізуші болып жұмыс істейді. Өзі үйде бала тәрбиесімен айналысады. Бұдан бөлек үш ұлы бар. Үлкені алтыншы сыныпта оқиды. Сәбиінің ұл болатынын 12-ші аптада біліпті. Әр баланың өз несібесі бар, құдай қаласа төрт ұлдан кейін қыз болғанын қалаймыз дейді Эльвира. Көп балалы ана қалада пәтер жалдап тұрады. Бүгін қала әкімі арнай құттықтап телидидар мен ауа тазартқыш сыйлады. Сонымен қатар үй мәселесіне көмектесетінін айтқан. Биыл 10 айда облыстық перинаталды орталықта 6 мыңнан астам бала дүниеге келген. Қаланың 500 мыңыншы тұрғыны болып өмірге келген Әлинұр перзентхананың тарихына да жазылатын болды.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
news