Ақмола облысында астық қоймасындағы жұмысшы әйел қаза тапты

95
Published on 6 Dec 2019, 16:21
Ақмола облысында астық сақтау қоймасында апат болып, жұмысшы әйел қаза тапты. Оқиға 5 желтоқсан сағат 15:00 шамасында Жақсы ауданының Қазақстан теміржол бекетінің бойында орналасқан астық қабылдау орындарының бірінде болған. Астықты кептіру барысында қабатаралық бетон плита опырылып, астыңғы қабатқа көп көлемде бидай құйылып кетеді. Ал осы уақытта қоймада астық тасымалдаушы әйел жүрген. Оқыс оқиғадан 1973 жылы туған келіншек ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Мәйітті үйінді арасынан алып шығуға 20 шақты адам мен бірнеше техника жұмылдырылған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
news