Енді Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен кез келген азамат кері қайтарылады

1 242
Published on 6 Dec 2019, 16:26
Ендігәрі Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен кез келген азамат, мейлі оның ұлты қазақ болса да келген жеріне кері қайтарылады. Шекара қызметінің басшысы Дархан Ділманов осылай деді. Ал Қазан айында Қазақ-Қытай шекарасынан заңсыз өткен екі жігітті Ұлттық қауіпсіздік қызметі Қытайға қайтаруы мүмкін. Қастер мен Мұрагер есімді этникалық қазақ жігіттері Қазақстаннан «босқын» мәртебесін сұрағанымен оларға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылған. Қазір екеуі де қамауда. Шекара қызметінің басшысы ұлты қазақ, Қытай азаматтарына қатысты тергеу аяқталып, осы айда сот отырысы басталуы тиіс екенін жеткізді.
news