ШҚО тұрғыны ерекше оқиғасымен бөлісіп, «Информбюро» байқауының үздіктер қатарынан көрінді

5 977
Published on 6 Dec 2019, 16:28
Шығыс Қазақстанда тұратын Мадина Құлжанова үш баласымен қалса да өмірлік серігін кездестіруден үмітін үзбеген. Талай жыл жалғыз қиналған келіншек биыл бақытын тауып, тұрмысқа шықты. Балалары да әке мен шешенің аялы алақанын қатар сезініп, алаңсыз өмір сүріп жатыр. 2019 жылда ерекше оқиға болған отбасы «Информбюро тарихында қал!» жобасына қатысып, үздіктердің қатарынан көрінді.
news