Шетел жаңалықтары: Гонконгтағы наразылық ақциясы. Африкада эбола дерті өршіп тұр

50
Published on 9 Dec 2019, 7:04
Гонконгта ауқымды наразылық акциясы өтті

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оған шамамен 800 мың адам қатысқан. Демонстранттар «Виктория» паркіне жиналып, іскерлік ауданға дейін жүріп өтті. Полиция шеру алдында 11 адамды ұстап, олардан тапанша мен оқ-дәрі тапты. Құқық қорғаушылардың айтуынша, күдіктілер наразылық шарасы кезінде қару қолданбақ болған. Гонконгта наразылық шерулері маусым айынан бері жалғасып келеді. Бұл акция қылмысты деп танылған адамдарды Қытайға экстрадициялау туралы заңға қарсы басталды.



ДДСҰ: Конго демократиялық республикасында қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Африканың бірнеше елінде эбола дерті әлі де өршіп тұр. Жуырда осы вирусқа қарсы вакцина шығаратын компания Руанда мемлекетіне 200 мың дана екпе жіберетінін хабарлады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дертке шалдыққандардың дені – шекаралас Конго Демократиялық Республикасына барып келгендер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін эболадан 2 мыңнан астам адам қаза тапты. Осыған орай ұйым мамандары Орталық Африка мемлекетінен таралған қауіпті вирус өзге елдерге де қатер төндіреді деп дабыл қағып отыр.
news