АӘК алатын отбасыларға әлеуметтік пакет беріледі

1 611
Published on 8 Jan 2020, 16:00
Биыл көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдендірілген әлеуметтік пакет төлеуге 327 млрд теңге қарастырылған. Өңірде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар қабылдау жалғасып жатыр. Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыда еңбекке жарамды азаматтар болса, олар жұмысқа тартылады. Жұмыстан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасыға көмек беру тоқтатылады. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. Оларға кез келген жұмыс ұсынылмайды. Үйіне жақын, қолайлы жағдай қарастырылады. Ата-анасының біреуі кіші баласы 3 жасқа толғанға дейін бала күтімімен үйінде отыра алады. Шартсыз ақшалай көмек 3 айға, шартты ақшалай көмек 6 айға тағайындалады. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік, гигиеналық құралдар беріледі. Ақтөбеде 2019 жылы 10894 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Шартты ақшалай көмекті 8572 отбасы алыпты. Шартсыз ақшалай көмекті 2321 отбасы алды. 670 адам жұмысқа орналасқан. Мемлекеттік атаулы көмекке жүгінушілердің көп болуына байланысты, тегінің алғашқы әріпі бойынша құжат қабылдау жүріп жатыр. Қабылдау 25 қаңтарға дейін жалғасады. Бүгінге дейін қалада атаулы әлуметтік көмекке 688 адам жүгініп, 37 өтініш қабылданған. Ал кепілді әлеуметтік пакет ақпан айынан бастап беріледі. Мұқтаж отбасы ай сайын алып отырады. Бір отбасыда төрт бала болса төрт пакет тиесілі. Облыстарда арнайы көмек бекеттері ашылады. Бұл жәрдем үшін республикалық бюджеттен 14 миллиард теңге жұмсалады.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids