Мәртебесі көтерілген ұстаздар заңды талқылады

105
Published on 23 Jan 2020, 16:00
Биылғы жыл ұстаздар үшін сәтті басталды. Себебі мұғалімдерге қатысы екі бірдей құжатқа қол қойылып, мұғалімдердің мәртебесінің көтерілуіне жол ашылды. Бүгін "Өрлеу" орталығына жиналған оқытушылар қауымы "Білім мен иғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын" және "Педагог мәртебесі" заңы аясында ашық диалог өткізді. Ұстаздар заңды әрі қарай жүзеге асыру жолдары мен білім берудегі әдіс-тәсілдерімен бөлісті. "Педагог мәртебесі" заңында жалақы мәселесі де қозғалған. Жалақыны ұстаздар тапсырған тест нәтижесі бойынша көбейту көзделген. Мысалы жалақысы 87 000 теңге болатын ұстаз тесттен өтіп "шебер" атанса 40 мың теңге қосылады. Бұдан бөлек қоғамда байқалатын тағы бір көрініс - ұстаздарды басыну, ата-аналар тарапынан білінетін дөрекілік. Мұндай жағдайға заң арқылы тыйым салынып,ұстаз абыройы қорғалатын болады. Ұстаздар биылғы жыл сәтті басталды деп отыр. Заңдағы өзгерістерге көңілдері толатынын жасырмады. Мұғалімдерді қинайтын, тіпті әбден қажытып жіберген басты мәселе - қағазбастылық. Заңда оларды материалдық жағынан қамтамасыз ету, қағазын, сабаққа керек құралдарын өз қалтасынан шығармауы жағы ерекше қаралған. Сонымен қатар сенбілікке шықпауды, қағазбастылықтан арылтуды қарастыратын баптар еңгізілді. Енді ұсдаздарды сенбілікке шығарғандар - жауапкершілікке тартылады.Заң күшіне еніп ендігі оны жүзеге асыру жолдары талқыланып жатыр. Қоғамда ұстаз мәртебесі әрдайым биік болуы керек. Заңға енген өзгерістер мұның дәлелі. Мұғалімдердің ендігі міндеті - саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім беру.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids