Мектеп оқушылары жемқорлық туралы ертегі сахналады

176
0%
Published on 26 Feb 2020, 16:00
"Байсалдық туралы әзілмен!" Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында осындай атаумен бүгін байқау өтті. Мектеп оқушылары жемқорлық тақырыбында қойылымдар сахналады. Байқау шарты бойынша үміткерлер ертегі түріндегі қойылымдарды сахналады. №41 мектеп-гимназиясындағы "Ғажайыптар әлемі" театрының мүшелері "Мақта қыз бен мысық" ертегісін осы байқауға лайықтаған. Ертегідегі оқиға желісін көп өзгертудің қажеті болмады,- дейді оқушылар. Жемқорлық, парақорлық жайлы қойылым көрсеткен оқушылар оның қоғамға тигізіп жатқан кесірін өздері де ұғынып, замандастарына да жеткізе білсе, бұл да бір жеңіс.
Сайыс жеңімпаздары қалалық білім бөлімінің дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids