Көп қатарлы үйлерді күтіп-ұстауға кім жауапты?

80
0%
Published on 26 Feb 2020, 16:00
Марат Оспанов көшесіндегі №54-ші үй "Туған жер" пәтер иелері кооперативіне қарасты. Кооператив басшылығы бұл көп қатарлы үйдің жағдайын бақылауда ұстауды ұмытқан секілді. Коммуналдық мекеменің жасап жатқан жұмыстарына тұрғындардың көңілі толмайды. 6 қатарлы үйдің подъезінде 7 айдан бері электр жарығы жоқ. Адамдар пәтерлеріне жар жағалап жүріп жетеді. Әсіресе, кешқұрым жұмыстан, сабақтан оралатындар үшін қиын болып тұр.
Кіреберісте "Туған жер" пәтер иелері кооперативінің хабарламасы ілулі тұр. Тұрғын үйге қатысты мәселе туындаса көрсетілген номерге шағымдануға болады делінген. Бірақ тұрғындар бұл номермен байланысу мүмкін емес деп отыр. Сонымен қатар қалалық әкімдікке де хат жолдаған. Онымен жауап жоқ. "Туған жер" пәтер иелері кооперативіне барып, мән- жайды анықтамақ болдық. Бірақ, жауапты адамдар жұмыс орындарында болмай шықты. Өткен жылы бұл кооперативке Гришин көшесіндегі №72 -ші үйдің тұрғындары да шағымданған. Олардың да мәселесі ұқсас. Үй заң бойынша тұрғындардың ортақ меншігі болып табылады. Сондықтан олар электр қалқанын өз қаржыларына жөндетуі керек екен. Бұл туралы қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы мәлімдеді.

Сайт телеканала rikatv.kz
Twitter twitter.com/rika_kz
Вконтакте vk.com/rikatv
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids