Елімізде интернет түгілі ұялы байланысы да жоқ аудандар бар

6 635
6%
Published on 2 Apr 2020, 17:35
Интернет түгілі ұялы байланысы да жоқ шағын аудандар да бар елімізде. Үш күннен кейін басталатын онлайн оқуға Жамбыл облысының бүтіндей бір шағын аудан тұрғындары қатыса алмауы мүмкін. Түзеу мекемесінің алдына жиылған жүзге жуық жұрт «ұялы байланыстың болмауы түрмедегі арнайы құрылғының кесірі» деп отыр. Сондықтан олар, қауіпсіздігі қатаң режимдегі жабық мекемені басқа жерге көшірсін деп талап қойды.
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids