Оңтүстік-Шығыс Азияда коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Филиппин алда тұр

1 484
33
Published on 17 Jul 2020, 4:03
Филиппин астанасы Манила қаласында карантин тәртібінің сақталуын полицияның арнайы бөлімі қадағалайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бронетранспортерлерге мінген тәртіп сақшылары қаланың Навотас ауданында кезекшілік етіп жүр.

Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Филиппин мемлекеті алда тұр. Бұл елдің 58 мыңнан аса тұрғыны осы дертке шалдыққан. Бір мың алты жүзден астамы қайтыс болған. Филлипин карантин наурыз айында жарияланып, қатаң шектеулерді ең ұзақ уақыт сақтаған елдердің бірі болды. Осының салдарынан жұмыссыздар саны күрт өсіп, тұрғындарға жәрдемақы мен азық-түлік бөлуге орасан зор қаражат жұмсалды. Маусым айының басында Манила қаласында шектеулер біртіндеп алына басталды. Алайда індет қайта өршігендіктен, жақында екі аптаға карантин жарияланды.

«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhuntfarmeducationhealthhandmadekids