Қазақстанға кедейлік келді ме?

38 838
3.7%
Published on 8 Apr 2021, 15:14
Ел жаппай індетпен алысып, бюджеттің басым бөлігін – ковидпен күреске жұмсап жатқанда, елдің әлеуметтік ахуалы күрт түсіп кеткен жоқ па? Олай дейтініміз, бір аптада 16 теңгеге қымбаттап кеткен бензин мен біресе көтеріліп, қайта түскен күнбағыс майы сынды азық-түлік бағасы да құбылып тұр. Егер Еуразиялық одаққа ілесеміз деп, бензин бағасы экономистер айтқандай, тағы шарықтаса, қымбатшылықты тоқтату мүмкін болмасы анық. Онсыз да індет еңсесін түсіріп, шектеу шараларының салдарынан басым бөлігі жұмыссыз қалған ел – «баламыз аш қалды» деп, азық-түлік сұрап, көптеген ұйымдардың есігін қағып жүр. Көшедегі көлік кептелісінің ішіне кіріп, өз өмірін де, баласының өмірін де қауіпке тігіп, қайыр тілеп жүрген жандардың қатары да көбейген. Онлайн сабақ деп үйде отыруы тиіс бала да қайыр тілеп, көшеде жүр. Нәпақасын күнделікті тауып үйренген қаншама базар жұмысшылары да үйге қамалып қалды. Жалақысының жартысына азық-түлік алып, жартысына несие төлейтін екі қазақтың бірі банкке борышкер. Індеттен бұрын аштан өліп қалмасақ болды дегені көп. Өйткені, Алматыдағы бір ғана ұйымға ай сайын 150-дей ана «аш отырмыз деп, азық-түлік сұрап келеді екен. Ендеше, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіретін, дүниежүзілік мұнай қорының 3 пайызына ие Қазақстан кедейлік межесінің қай деңгейінде тұр? Ресми статистика – елдегі ахуалдың айқын көрінісін көрсетіп тұр ма? Бүгін «Сөздің шыны керек» осы сауалдарға жауап іздейді.
.
.
.
.
#сөздің_шыны_керек #кедейік #журналистік_зерттеулер
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhuntfarmeducationhealthhandmadekids