Алты миллионға салынған әжетханалар істемеген күйі қаңырап тұр

18 432
5.9%
Published on 8 Apr 2021, 18:03
Шығыс Қазақстанда бір әжетхананың құны алты миллион теңге. Өкінішітісі, қыруар қаржыға салынған дәл осы дәретханалар қазір істемей айдалада тұр. Ал мемлекеттің "Нұрлы көш" бағдарламасымен салынған мынадай үйдің қазіргі құны алты жүз мың теңге. Жаңағы айтылған арзан үй Өскеменде тұрса да, иелері құлағалы тұрған баспанамыздың құны сол әжетханадай болмады ғой деп ашынады.
Мына әжетханалар Катонқарағай ауданында салынған. Бірі аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында. Енді бірі Берел қорғанының маңында. Барлығы бес дәретхана. Әрқайсысының құны алты миллион теңгеге жуық. Іші жылы, суы бар. Тіпті осы үшін бір тазалықшы айлық алып отыр. Бірақ сол дәретханалардың игілігін көрген ел аз. Есігі жабық. Тұтқасы сынық. Қайта қасындағы мына қарабайырына халық көп кіріп-шығатын секілді. Кім келсе де есігі міне, күні-түні ашық тұр.
ДІЛДАР ҚАЛИҚАНҰЛЫ, Катонқарағай ауданының әкімі:
– Өкінішке орай, қазіргі уақытта кей дәретханалардың қыс айлары болғандықтан, суық болғандықтан, іші дұрыс жылу ұстамағандақтан, кей әжетханалар істен шығып тұр.
Ал мына үйлердің құны дәл қазіргі уақытта бес жүз мың теңгеден басталып сатылып жатыр. Осыдан он жыл бұрын "Нұрлы көш" бағдарламасымен салынып, қандастарға деп берілген еді. Қазір тұрып жатқан отбасыларға бағасын біраз төмендетіпті. Бірақ мезі болған мұндағы жұрт мерзімі өтті деп, сапасына байланысты қатты қынжылды.
СЕРІК ҚОНЫСБАЙ, Өскемен қаласының тұрғыны:
– Бірақ бағалағанмен үй сапасыз. Гипсокартоннан салынған жұқа үй. Қазір үйдің асты, едені бәрі түскен. Қабырғалары астының бәрі шіріген. Төбенің бәрі қисайған. Енді уақыты жетіп, құлағалы тұр десек те болады.
Бұл үйлер 2011 жылы алғаш берілгенде басқаша еді. Жаңа. Сол кезде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп, алғашқы үйлердің кілтін өз қолымен табыстаған-тын.
ТІЛЕУХАН ЖИЛЬЯЗ, "Аумақтық басқару орталығы" филиал директорының міндетін атқарушы:
– Бұл үйлер алғаш осыдан он жыл бұрын "Нұрлы көш" бағдарламасымен салынған кезде бес миллионға бағаланған. Халыққа несиеге берілген. Бастапқы бірнеше айында халық төлеген. Одан халық шулаған соң үкімет жалдамалы үй ретінде ауыстырған.
Сапасына да сын көп айтылды. Қағаз үй деп қаншама халық шулап көшіп те кеткендері көп. Қыстың күні өртенгені де ел есінде. Міне сол үйлердің қаңқасы әлі тұр.

.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -youtube.com/channel/UCKJIfb3BN...
Facebook - facebook.com/informburo31
Instagram - instagram.com/informburo31
Vkontakte - vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#6миллион #ВИПәжетхана #ШҚО
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhuntfarmeducationhealthhandmadekids