Қазақ интеллигенциясы жалпыхалықтық референдум туралы

3 395
24.6
Published on 20 May 2022, 15:34
Жалпыхалықтық референдумнан зиялы қауым өкілдері де оң өзгеріс күтеді. Ел интеллигенциясы конститутцияға енгізілетін өзгерістердің референдумға әбден сарапталып, талқыдан өтіп шығарылғанын қалайды. "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Негізгі заңдағы өзгерістерді бүкіл халықтың назарына шығаруы - ел болып қолдауға лайықты іс",- дейді мәдениет қайраткерлері мен ғалымдар.
БАҚЫТ БЕДЕЛХАН, ақын:
– "Жаңаша оң өзгерістер болса екен деген тілектеміз. Халық болып атсалысуымыз керек, кемшілігін толтыруымыз керек, керегін алып, кебегін тастайтын уақыт келді. Мығым, шымыр, мық шегедей заңды жасап алуымыз керек. Жалпы халықты осы дүниеге атсалысуға шақырамын."
ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы:
– "Заң түзелмей, өмір түзелмейді. Заң түзелмей, қоғам да алға баспайды. Сондықтан біз Жаңа Қазақстан құрамыз десек, Конституциямыз кемел болуы керек, Конституциямыз толыққанды болуы керек. Алтын заңымыз шын мәнінде алтын заң дәрежесіне жету керек. Біз сондай референдумда дауыс бергіміз келеді."
ЗЕЙНЕП БАЗАРБАЕВА, филология ғылымдарының докторы, профессор:
– "Президенттің мақсаты - қазақстандықтардың жағдайын, өмірін жақсарту және әділеттік мемлекетті құру. Сондықтан біз 5 маусымда бәріміз референдумға барамыз, өз дауысымызды, "Екінші республика: Жаңа Қазақстанға дауыс береміз".

Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -youtube.com/channel/UCKJIfb3BN...
Facebook - facebook.com/informburo31
Instagram - instagram.com/informburo31
Vkontakte - vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#ЖаңаҚазақстан #референдум
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhuntfarmeducationhealthhandmadekids