Нәтижесіз жұмсалған миллиардтар! Қызылорда сасық иіске тұншығып отыр

10 803
32.4
Published on 24 Jun 2022, 16:47
Қызылорда қаласының орталығындағы бірнеше көшеде мүңкіп жататын кәріз жүйелерінің сасық иісін жоюға бақандай 2 миллиард 300 миллион теңге де көмектеспеді. Нақтырақ айтсақ, дәл осындай қыруар қаражат осыдан 1,5 жыл бұрын қаладағы кәріз-насос станцияларының күрделі жөндеуіне жұмсалған еді. Бірақ жөндеу көрген станциялардан шығатын иіс әлі күнге айналаны алып жатыр. Алайда тұрғындарды тұншықтырған сасық иіс 8 жыл осы қаланы басқарып, қазір 3 айдан бері облыс әкімі болып жүрген Нұрлыбек Нәлібаевтың мұрнына әлі бармапты.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ:
– Жағымсыз иістердің барлығынан арылуымыз керек. Ол үшін сіздерді кәріз жүйелеріңіз, КНС-теріңіз жақсы жұмыс жасап тұру керек. Оған сіздерге барлық жағдай жасалды.
Былтыр Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының әкімі болып тұрғанда жауапты мекемеге дәл осылай тапсырма берген. Тіпті сол уақытта қаланың әр жерінен мүңкіп шығатын кәріз иісінен арылу үшін 23 насос-станциясын жөндетуге бюджеттің милиардтаған ақшасы шығындалды. Бірақ қала орталығындағы бірнеше көшедегі кәріз иісі әлі күнге қысы-жазы жер-көкті алып жатыр.
Тұрғындар мұндай сасық иісті аумақтарды "Қызылорданың жамбасы" деп те атап жүр. Қала басшысы болған кезде жағымсыз иістен арылтуға өзі қыруар қаражат бөлдірген қазіргі Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа тікелей осы мәселе жайлы сұрақ қойдық. Әкімнің сөзінше, 2 миллиард 300 миллион теңгеге жөндеу жүргізілген соң кәріз-насос станцияларының жұмысы жақсарған. Ал әлі күнге дейін қолаңса иістің мүңкіп жатқанынан қазір хабарсызбын дейді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, Қызылорда облысының әкімі:
– Мен қабылдап алып, тапсырып кеткен кезде оның бәрі автоматтандырылған, барлығы заман талабына сай жұмыс жасап тұрған тұғын. Қазір енді мен келгелі ол жаққа баруға уақытым болған жоқ. Мен тапсырма беремін. Уақыт болғанда көріп шығамын.
Осылайша шенеунік қол астындағыларға тағы да тапсырма беретін болды. Ал жауапты мекемедегілер қала сасық иістен түбегейлі тазарады дегенге өздері де сенбейтін сияқты.
НҰРЛАН ӨТЕПОВ, "Су жүйесі" мекемесі басшысының орынбасары:
– Енді ол КНС болғаннан кейін иіс шығады ғой. Ақтөбенің бір компаниясымен қазір меморандумға келіп, зерттеп жұмыс істеп жатырмыз. Иісті кетіретін сондай химикат дайындап жатыр. Ол адамдарға зиянсыз.
Су жүйесі басшының орынбасары осы мәселе бойынша қолдан келер жұмысты атқарып жатырмыз дейді. Сондықтан шенеуніктер жағымсыз иістен құтылу үшін тағы да бюджетке алақан жаятындарын жасырмады.

.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -youtube.com/channel/UCKJIfb3BN...
Facebook - facebook.com/informburo31
Instagram - instagram.com/informburo31
Vkontakte - vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Информбюро #Ақиқатын_Айтайық #ИнформбюроЖаңалықтары #БүгінгіЖаңалықтар #БастыЖаңалықтар
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhuntfarmeducationhealthhandmadekids