Нашақорлық белең алып тұр

165
Published on 26 Jun 2022, 14:21
Елімізде есірткіге тәуелділігі бар 60 мың адам есепте тұр.
Өкінішке орай, оның дәмін татқан балалар көбейді. Бір жылда 4 мыңнан асқан. Бүгін халықаралық есірткімен күрес күніне орай елордада жастар мен жасөспірімдерге арналған фестиваль өтті. Шара «Біз бала-Мамыз» деп аталады. Яғни өсіп келе жатқан ұрпақ нашақорлықтың салдарын біледі және оған қарсы пайдалы әрекеттерді бойына сіңіреді. Ұйымдастырушылардың мақсаты осы. Фестиваль аясында көрерменге ақпарат берілді. Қызықты викториналық сұрақтар қойылды. Белсенді өрендерге сый-құрмет көрсетілді. Ұрпақты жаман әдеттен алыстатудың маңызы зор. Себебі әлемде ғұмыры нашақорлықтан үзіліп жатқандар көбейген. Еліміз осындай 90 мемлекеттің ішінде 30-орында тұр.

«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - 24.kz
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhuntfarmeducationhealthhandmadekids