Елбасының қатысуымен Астанада жалпыұлттық телекөпір өтеді

43
Published on 6 Dec 2017, 3:22
Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен «Елді жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты жалпыұлттық телекөпірі өтеді.

Онлайн-режім барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасына енген жобаларды іске қосады.

Биыл жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы сомасы бір триллион теңгеден асатын 100-ден астам жаңа индустриялық жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ бұл кәсіпорындарда 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ.
news