Атырау өңірінде өткен әскери оқу-жаттығуда минутына 2 мың оқ шығаратын қондырғы пайдаланылды

713
0%
Published on 29 Jan 2018, 2:34
Әскери оқу-жаттығу шарасы Қарабатанда өтті.

Оған еліміздің батыс шекарасын қорғап тұрған зениттік бөлімше мен әскери барлаушылар қатысты.

Әскери оқу-жаттығу барысында жауынгерлер түрлі қарулардан оқ ату, кедергілерден өту секілді шартты тапсырмаларды орындады. Осы жолы тұңғыш рет 1 минутта 2 мың оқ шығара алатын зениттік қондырғы пайдаланылды. Оның ату қашықтығы – 2,5 шақырым. Жауынгерлер басқа да қару-жарақ түрлерінен шеберліктерін шыңдады. Жаттығу барысында барлаушылар да өз міндеттерін толық орындады.

Шыңғысхан Тауықов, барлау бөлімшесінің командирі:

– Біздің бөлімшеге шартты қарсыластың бекінген орнына барлау жасай отырып, маңызды құжатты қолға түсіру міндеттелген еді. Оны бөлімше командирлері мен жауынгерлер ұйымдасқан түрде сауатты орындап шықты.
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids