Астанада Парламент қос палатасының бірлескен отырысы өтуде

120
Published on 15 Jun 2018, 5:57
Бүгінгі Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысына депутаттардан бөлек, Үкімет мүшелерін Премьердің өзі бастап келді.

Сондай-ақ жиында Президент әкімшілігінің және жауапты орган өкілдері түгелдей қатысты. Бұл Конституциялық кеңестің Парламенттегі 22 Жолдауы екенін атап өткен жөн. Келелі кеңесте Конституциялық кеңес төрағасы сөз сөйлеп, кеңестің биылғы жылғы жолдауын жария етті. Қайрат Мәмидің айтуынша, биылғы қабылданған құжаттар конституциялық құндылықтарды сақтай отырып, қоғам мен мемлекетті өзгертуге сәйкес келеді. Кеңес төрағасы Конституциялық кеңестің кейбір нормативтік актілердің күшін жойғанын да тілге тиек етті.

Жалпы Қайрат Мәми құқық үстемдігін орнықтыруды, Ата заңның жетекшілігімен әрекет еткенде ғана құқықтық айқындылықты қамтитынын атап өтті.

Парламент қабырғасында бірнеше мәселе көтеріледі. Жиында өткен жылғы бюджеттің атқарылу мәселесі де сөз болды. Бұл жөнінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Бұдан бөлек, бірлескен отырыстың қатысушылары есеп комитетінің есебін тыңдауы тиіс. Жиын барысында сондай-ақ еліміздің Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясын орындау мақсатында әскери қызметкерлерді жіберу жайын қозғады. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids