Елімізде жедел даярлық курстарынан өткен мамандардың жартысы ғана жұмыс тапты

87
Published on 25 Jul 2018, 1:35
Өткен жылы елімізде нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 9 мың адам қысқа мерзімді даярлықтан өтті.

Алайда олардың тең жартысы ғана тұрақты жұмыс тапқан. Әсіресе Шығыс Қазақстан мен Түркістан облысында көрсеткіш өте төмен. Сондықтан биылдан бастап, нарықта сұранысқа ие мамандарды даярлау басталды.

Шығыста былтыр әртүрлі мамандық бойынша 7 мың адам жедел даярлық курсын тәмамдап, арнайы сертификат алған. Олардың 70-80 пайызы - техникалық мамандар. Қайта оқыту үшін республикалық бюджеттен 343 миллион теңге бөлінген. Алайда былтыр даярлықтан өткен 7 мың адамның 3 мыңға жуығы ғана тұрақты жұмысқа орналасқан. Бірақ оған қарамастан, кейбір салада әлі де мамандар тапшы. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
news