СҚО-дағы жоғарғы білім ордасында гранттар саны көбейтілген

94
Published on 25 Jul 2018, 1:38
Елбасының бес әлеуметтік бастамасы солтүстік қазақстандық жастарды жігерлендіре түсті.

Мәселен, өңірдегі бірден бір жалғыз жоғары оқу ордасына биыл 865 білім гранты бөлініп отыр. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2 жарым есеге көп. Қазір Петропавлдағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білім гранттарын бөлетін байқау комиссиясы жастардың өтінішін қабылдап жатыр. Ал құжат тапсырып жатқан талапкерлердің санында шек жоқ. Жалпы айта кету қажет, соңғы жылдары солтүстік қазақстандық жастардың басым бөлігі Ресейдің Омбы, Қорған, Түмен облыстарына оқуға баратын. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл оқу ордасынан қосымша тағы бірнеше мамандық ашылады. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
youtube.com/c/tv24kz
Наш сайт - 24.kz
Facebook - facebook.com/tvkhabar24
Instagram - instagram.com/tvkhabar24
Telegram - t.me/tvkhabar24
Twitter - twitter.com/tvkhabar24
Vkontakte - vk.com/tvkhabar24
newslifegamesmoviesfunautotechmusicsportfoodmoneybuildhunteducationhealthhandmadekids